балабақшасы

Қош келдіңіздер!

«Баланы тәрбиеші дәл өзіндей қылып шығармай, заманына лайық етіп шығаруы керек»

М. Жумабаев

Дене шынықтыру жетекшісінің кеңесі

5.0/5 rating 1 vote
Дене шынықтыру жетекшісінің кеңесі
22.05.17

Балалар дене тәрбиесі жүйесі-әртүрлі жастағы топтардың денсаулығына жан-жақты бағытта қызмет жасайтын қоғамдық ұйым

Дене тәрбиесі жүйесі-өзара қарым-қатынастағы жеке дене тәрбиесі жүйесі және әртүрлі қоғамдық топ өкілдерінің ерекшеліктеріне қарай сипатталады (балалар дене тәрбиесі жүйесі, мектеп оқушылары дене тәрбиесі жүйесі т.б.) Балалар дене тәрбиесі жүйесі-әртүрлі жастағы топтардың денсаулығына жан-жақты бағытта қызмет жасайтын қоғамдық ұйым. 

Дене тәрбиесінің әр жуйесі дене тәрбиесіне тиянақты-тарихи түрін бейнелейтіндіктен қойылған мақсаттқа жету үшін осы немесе басқа ұйымдардан құралады.Жүйе айқын салалар құрылымымен олардың қызметі басқа да жүйелерінің қарым-қатынас ерекшеліктерімен айқындалады. Жүйенің ең басты қызметі-адамдардың дене мәдениетін жоғары сатыға көтеру үшін барлық осыған тікелей қатысты құрылады.

Дене тәрбиесі жүйесінің басты талаптары:

  1. дене тәрбиесі негізі мен әдісі сауықтыру жағдайында тек заңды негізге сүйену керек.
  2. дене жүктемелері оқушылардың мүмкіншіліктеріне байланысты берілуі керек.
  3. дәрігерлік педагогикалық бақылау мұғалімнің кез-келген оқу-тәрбие жұмысында болуы міндетті.
  4. Санитарлық-гигиеналық қалыпты, күнді, ауа мен суды пайдалану-барлығы әрбір дене жаттығулары кезінде қолданылуы кажет.

Денешынықтыру нұсқаушысы:

      • ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін жоспарлайды және іске асырады;
      • дене тәрбиесі бойынша озат педагогикалық тәжірибені зерделейді;
      • инновациялық технологияларды қолданады;
      • ата-аналарға денсаулықты сақтау мәселелері бойынша консультациялық көмек береді,санитарлық-гигиеналық жағдайлар мен қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етеді;

Дене жүктемелері, денешынықтыру және спорт. Бұл бұлшық ет күшін көбейтудің құралы ғана емес. Қозғалыс адам өмірінде маңызды орын алады. Дұрыс зат алмасу, дұрыс және үйлесімді өсу, ептілік, шыдамдылық, тіпті ақыл ойдың дамуы осыған байланысты.

Шынықтыру. Бұл көптеген аурулардан сақтаудың ең жақсы құралы және шыныққан ағза тұрақты және  микроб, вирустармен жақсы күреседі.

Жеке бас гигиенасы. Тазалық және мұнтаздылық -адам үшін өте маңызды .Бұл өзіңді қоғам алдында көрсету мүмкіндігі мен аурудың алдын алу құралы: салақ адам ешқашан басқа адамдардың көңілін тартпайды.

Жұқпалы аурулардың алдын алу. Мұнда жеке бас гигиенасы да ,шынығу да маңызды.Сонымен бірге әртүрлі ауруларға қарсы уақтылы егу шараларын жүргізу.

Зиянды әдеттердің алдын алу. Оларға шылым тарту, алкагольді және есірткілерді пайдалану және дәрігердің кеңесінсіз түрлі дәрілерді қолдану жолдары жатады.Осы зиянды әрекеттердің кез келгені денсаулықты төмендетіп , өмірді қысқартады.