балабақшасы

Қош келдіңіздер!

«Баланы тәрбиеші дәл өзіндей қылып шығармай, заманына лайық етіп шығаруы керек»

М. Жумабаев

Өзін өзі тану апталық

0.0/5 rating (0 votes)
Өзін өзі тану апталық
12.02.18

2018 жылдың ақпан айының 02- 12 күндерінің аралығында «Мейірімділік еліне саяхат» атты тақырыпта №63 «Әсем-Ай» балабақшасында балаларды рухани–адамгершілік сезімге тәрбиелеу және дамытуға байланысты онкүндік өткізілді.

IMG0271
IMG0270
IMG0269
IMG0268
FullSizeRender

Онкүндіктің ашылуы мектепалды даярлық «Құбылтас», «Мәрмәр», «Меруерт» тобында «Өзін–өзі тану еліне саяхат» тақырыбында ашық ұйымдастырылған оқу қызметтері өткізілді. Ұйымдастырылған оқу қызметінің мақсат–міндеттерін орындау барысында балаларға адам бойындағы құнды қасиеттер туралы түсініктер берілді, өзара қамқорлыққа, сүйіспеншілікке, татулыққа тәрбие беретіндей ойындар ойналды.

Мектепалды даярлық және ересектер топтарының бүлдіршіндері Сара Алпысқызына деген жүрекжарды лебіздерін  өлең шумақтар арқылы жеткізді. «Өзін – өзі тану» пәні бойынша өткізілген онкүндік барысында балабақша балалары ізеттілік, сыпайылылық, әдептілік, достыққа байланысты іс-шаралар арқылы, мейірімділік шуағына ие болды